Қорғаныс министрлігі: Дипломатиялық және қызметтік паспорттарды беру қағидаларына толықтыру енгізіледі

Бұл құжат ҚР Президентінің қарауына нормативтік құқықтық актінің жобасын енгізу мақсатында әзірленді

Sarbaz.kz редакторы
26/01/2024 - 22:50

Фото: Baigenews.kz

Фото: Baigenews.kz

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындады. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл құжат ҚР Президентінің қарауына нормативтік құқықтық актінің жобасын енгізу мақсатында әзірленді.

Аталмыш толықтыру бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға қатысатын ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметшілеріне қызметтік паспорттарды ресімдеуге қатысты бөліктерге енгізіледі. Жарлықтың қолданыстағы редакциясы офицерлік атақтары бар ҚР Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының әскери қызметшілеріне ғана қызметтік паспорттар беруді көздейтінін естеріңізге сала кетеміз.

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында биылғы жылдың 8 ақпанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде танысуға болады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91