Бұл процесс Ирактың аймақтық тұрақтылығы мен егемендігіне себеп болмақ
Вашингтон Бағдатпен елдегі АҚШ бастаған халықаралық әскери коалицияның жұмысын тоқтату туралы келіссөздер өткізеді. Сонымен бірге қарым-қатынасты нығайтудың ең тиімді жолдарын белгілейді, деп мәлімдеді АҚШ-тың қорғаныс министрі. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Politico басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ пен Ирактың жоғары әскери комиссиясының жұмыс тобы алдағы күндері отырыс өткізеді. Кездесулердің мақсаты – Вашингтон мен Бағдат арасындағы ұзақ мерзімді, екіжақты қауіпсіздік серіктестігіне көшу, делінген басылым хабарламасында.
Бұл процесс Ирактың аймақтық тұрақтылығы мен егемендігіне себеп болмақ.