АҚШ Израильге жаңа әскери техникалар жібереді

Келісімшартқа 70-ке жуық әскери-әуе техникасы кіреді

Ануар Маратов
26/01/2024 - 23:09
101

Фото: Израиль әуе күштері

Фото: Израиль әуе күштері

АҚШ пен Израиль қорғаныс министрліктері Вашингтонда келісімдер жасау үшін кездесу өткізді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі The Jerusalem Post-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Израиль қорғаныс министрлігінің Бас директоры Эял Амир Вашингтонда жоғары лауазымды шенеуніктермен, мемлекеттік департаментпен және АҚШ-тың ірі қорғаныс компанияларының басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында мынадай қару-жарақ түрлерін жеткізу мәселесі қарастырылды:

  • 25 F – 35 жойғыштары;
  • 25 F – 15AI жойғыштары;
  • 12 AH – 64 Apache тікұшақтары,
  • өзге де қару-жарақтар.
×

Редакция

$ 443.85  474.3  4.8