ХАМАС-Израиль қақтығысы: 26 мыңға жуық палестиналық қаза болды

Израиль әскері БҰҰ-ның оқу орталығына да шабуыл жасады

Sarbaz.kz редакторы
26/01/2024 - 17:23

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны артып келеді. Рафах қаласындағы мешіттердің біріне жасалған шабуылдан 5 адам, ал Хан-Юнис қаласындағы БҰҰ оқу орталығында 9 адам қаза тапты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Рафах қаласындағы мешітке жасалған шабуылдан қаза тапқандар мен жараланғандар жақын маңдағы Абу Юсуф ан-Наджар ауруханасына жеткізілді.

Газаның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Израильдің шабуылынан бүгінге дейін кем дегенде 25 700 палестиналық қаза тапты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының палестиналық босқындарға көмек көрсету бойынша Таяу Шығыстағы агенттігі өздеріне тиесілі оқу орталығына Израиль әскері шабуыл жасап, 9 адам қаза тапқанын және 75 адам жараланғанын мәлімдеді.

×

Редакция

$ 478.93  534.96  5.16