Елімізде жер сілкінісін ғарыштық суреттер арқылы болжау әдістері көрсетілді

Алматы қаласында сейсмикалық құбылыстарды болжау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өткізілді

Sarbaz.kz редакторы
25/01/2024 - 23:20

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен сейсмикалық құбылыстарды болжау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өткізілді. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан ұлттық деректер орталығының басшысы Наталья Михайловамен кездесу барысында барлық сейсмологиялық станциялардан өзара ақпарат алмасу мәселелері талқыланды.

«КазРубежГеология» ЖШС бас директоры Виталий Петровский жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық суреттері арқылы жер сілкіністерін болжау әдістерін көрсетті.

Сондай-ақ, сейсмикалық құбылыстарды болжау саласындағы тәжірибемен Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының профессоры Танақан Абақанов бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша ТЖМ сейсмикалық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы базасында сейсмикалық құбылыстарды болжау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы келісімге қол жеткізілді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91