Қазақстанда бір тәулікте 70-тен аса өрт тіркелді

8 адам құтқарылды және эвакуацияланды

Sarbaz.kz редакторы
25/01/2024 - 18:56

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бір тәулікте елімізде 72 өрт тіркелгенін мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 147 жедел шығу жасады, оның 72-і өрттер мен жану оқиғаларына, 75-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға.

Бұл ретте 8 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41