Израиль әскері Газадағы БҰҰ-ның ғимаратына шабуыл жасады

Шабуылдан бірнеше адам қаза тапты

Ануар Маратов
25/01/2024 - 18:24

Фото: Reuters

Фото: Reuters

Израильдің әскери күштері Газаның оңтүстігіндегі Хан Юнис қаласындағы БҰҰ-ның ғимаратына шабуылдады. Салдарынан бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Al-Jazeera телеарнасына сілтеме жасап. 

«Екі танк 800 адам паналайтын ғимаратқа оқ атты. Салдарынан 9 адам қаза тауып, 75 адам жараланды», - дейді Томас Уайт, UNRWA директоры.

Томас Уайт сол сияқты қоныс аударған отбасылар паналайтын оқу орталығы да өртеніп кеткенін атап өтті. Қаза болғандар саны артады деген болжам да жоқ емес.

Рафах қаласында орналасқан UNRWA өкілі Аднан Әбу Хасна БҰҰ өз кезегінде Израиль армиясымен келісе отырып, жедел жәрдем көліктерін сол жерге жіберуге тырысып жатқанын мәлімдеді.

Ол Израиль әскери күштері шабуыл жасардан бұрын ешқандай ескерту жасамағанын айтты.

Айта кетейік, UNRWA – Палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыруға арналған БҰҰ-ның Таяу Шығыс агенттігі.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.93  534.96  5.16