Ұлыбритания Германияның «Taurus» зымырандарын сатып алып, өзінің Storm Shadow зымырандарын Украинаға жібермек
Ұлыбритания Германияға қанатты зымырандарын айырбастауды ұсынды, деп Sarbaz.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Киев Берлиннің «Taurus» зымырандарын жеткізуді талап етіп отыр. Бірақ Германия үкіметі бұл қақтығыстың халықаралық деңгейде өршуіне себеп болуы мүмкін деген оймен тартынып отыр.
Handelsblatt газеті үкіметтік және дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасап, Ұлыбритания үкіметі бірнеше апта бұрын Берлиннен «Taurus» қанатты зымырандарын сатып алуды және өзінің Storm Shadow зымырандарын Украинаға жеткізуді ұсынғанын хабарлады. «Taurus» қанатты зымыраны Украинаға жіберіліп жатқан Storm Shadow/SCALP-EG зымыранының аналогы болып саналады.
Басылым Германия канцлері Олаф Шольц бұл ұсынысты ойланып жатқанын, алайда Берлинде қолдау табуы мүмкін деп хабарлады.
Ал Германия үкіметі бұл ақпаратқа ресми түрде түсініктеме беруден бас тартты.
Өткен аптада Германия парламенті «Taurus» зымырандарының Украинға жеткізілуіне қарсылық білдірген болатын.