Бітімгерлер оқушыларға Ливанда болған оқиғалары туралы айтып берді

Тәжірибелерімен бөлісті

Sarbaz.kz редакторы
24/01/2024 - 23:26

ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік операциялар орталығының (KAZCENT) әскери қызметшілері №40 қалалық орта мектептің жоғары сынып оқушыларына «Ерлік және батылдық» туралы сабағын өткізді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Офицерлер жоғары сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметінің тарихы, еліміздің жаһандық проблемаларды шешуге және бейбітшілікті қолдауға қосқан үлесі туралы айтып берді.

Орталықтың бітімгершілік даярлау басқармасының офицер-оқытушысы аға лейтенант Карина Юн жастарға қазақстандық бітімгерлерді даярлаудың қайда және қалай өтіп жатқанын және Қазақстан оларды Біріккен Ұлттар Ұйымының миссияларына не үшін шетелге жіберетінін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Оқушылар тағы бір бітімгер капитан Фархат Ақбалиевті қызығушылықпен тыңдап, тәжірибелерімен бөлісіп, балаларға Ливан Республикасындағы миссиясы қызметінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Онда ол екі рет Қазақстан контингентінің командирі болды.

– Жастарымыздың бітімгершіліктің қызықты тақырыбы болғаны қуантады, өйткені балалар сұрақтарын жаудырды, – деп бөлісті аға лейтенант Карина Юн. – Кім біледі, мүмкін ертең олардың біреуі миссияда қызмет етіп, бітімгершілікке өз үлесін қосады.

Айта кету керек, бұл кездесу «Батылдық сабақтары» сериясының бірі ғана. KAZCENT әскери қызметшілері осындай іс-шараларды басқа да мектептерде өткізуді жалғастырады, жастарды өз өмірін әскери қызметпен байланыстыруға ұмтылуда шабыттандырады және қолдайды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91