АҚШ-та B-21 Raider бомбалаушы ұшағы ауқымды түрде шығарылады

Бір ұшақтың құны - 692 миллион доллар

Ануар Маратов
24/01/2024 - 23:54
139

Фото: DefenceNews

Фото: DefenceNews

АҚШ-та B-21 Raider техникасы ауқымды түрде шығарылатын болды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі DefenceNews-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

АҚШ-тың қорғаныс министрінің сатып алу және жабдықтау жөніндегі орынбасары Уильям ЛаПланте өткен күзде Northrop Grumman компаниясы шығарған жасырын бомбалаушы өндірісі мақұлданғанын айтты. 

«Бұл қару түрі қарсыластарға сенімді тосқауыл қою үшін өндіріске жіберілді», – деді Лапланте.

Елдің әуе күштері паркін  B-21 Raider ұшағының кем дегенде 100 данасымен жабдықталу жоспарланып отыр. Raider 2030 жылға таман ескірген B-1B Lancer және B-2 Spirit бомбалаушы ұшақтарын алмастырады және жаңартылған B-52J Stratofortresses-пен бірге бомбалаушы ұшақ флотының негізін құрайды.

B-21 бағдарламасына 30 жыл ішінде 203 миллиард доллар жұмсалады деген болжам бар, әрқайсысының орташа сатып алу құны 692 миллион долларды құрайды.

×

Редакция

$ 443.85  474.3  4.8