Бортта алты экипаж мүшесі және тағы үш адам болған
Ресейдің Белгород түбегінде Ил-76 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырап, 60-тан аса адам қаза болды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ресейдің қорғаныс министрлігі ұшақ 65 украиналық тұтқынды алып бара жатқанын мәлімдеді. Өзара тұтқындарды алмастыру үшін Белгородқа жеткізілмек болған.
Апат туралы ақпаратты алдымен РЕН-ТВ-мен байланысты 112 телеграм арнасы таратқан. Көп ұзамай Ресейдің қорғаныс министрлігі растады.
Сонымен бірге Ресейдің қорғаныс министрлігі бортта 65 украиналық тұтқыннан бөлек алты экипаж мүшесі және тағы үш адам болғанын хабарлады.