Байланыс және цифрландыру саласында қандай өзгерістер болады?

Депутаттың айтуынша байланыс нарығы бәскелестіктің жоқтығынан дамымай тұр

Ануар Маратов
24/01/2024 - 21:19

Фото: freepik

Фото: freepik

Мәжіліс отырысында депутаттар байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша заң жобасы қарастырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі. 

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева өз сөзінде заң жобасының негізгі тезистерімен таныстырды:

  • Радиожиілік спектрінің таралуы қайта қаралады. Егер оператор оларды мақсатсыз пайдаланса, жиіліктерді алу механизмі енгізіледі. 
  • Кабельдік кәріз әкімдіктердің балансында болады. Кабельдік кәріздерді әкімдіктердің бақылауына алуына және операторларға қол жеткізуге мүмкіндік беріледі.
  • Жол бойына интернет желілерін орнату. Мемлекеттік интернет-магистральдары жол бойына орнатылғаннан кейін кез келген байланыс операторы үшін қолжетімді болады.
  • Виртуалды операторды енгізу, яғни қолданушының әмбебап SIM картасы болады. 

Депутат өз сөзінде бұл халықаралық тәжірибе екенін айта келе, оператор уәкілетті органға оның жұмысының басталғаны туралы хабарлама жібереді. Бірақ байланыс инфрақұрылымының иесі ретінде лицензия алмайды.

«Яғни, іс жүзінде ол трафикті қазіргі байланыс операторларынан жалға алады. Бірақ оның артықшылығы – барлық операторлармен келісімшарт жасай алады. Тиісінше, оның әмбебап SIM картасы жақын жердегі антенна арқылы байланыс қабылдай алады», - деді депутат.

Виртуалды оператор – инфрақұрылым иесі емес. Оның SIM картасы жақын жердегі кез-келген байланыс мұнарасы арқылы байланыс қабылдай алады. Депутаттың айтуынша бұл қымбат болуы мүмкін, бірақ нарықтағы бәсекелестікті арттырады.

«Байланыс инфрақұрылымы салынады және тұрғын үйлерде барлық операторларға қолжетімді болады. Ал шаруа қожалықтарын интернет төлемі бойынша субсидиялау мәселесі бөлек талқыланды», – деді Екатерина Смышляева.

Депутаттың айтуынша, алдағы арада субсидиялау қарастырылады. Субсидияны алу үшін фермер жоғары деңгейдегі интернеттің не үшін қажет екенін дәлелдеуі керек. Сондай-ақ өнеркәсіптік объектілерді субсидиялау қарастырылады. Субсидия оператордың байланыс қызметтерінің 50%-ын жабады. Субсидиялауға жыл сайын 400 млн теңге жұмсалады деген жоспар бар.

Тегтер

×

Редакция

$ 482.86  533.17  5.08