ХАМАС пен Израиль соғысты бір айға тоқтататын болды

ХАМАС пен Израиль арасындағы қақтығыс 2023 жылдың 7 қазанынан бастап күрт өршіген

Sarbaz.kz редакторы
24/01/2024 - 15:57

Фото: Ronen Zvulun / Reuters

Фото: Ronen Zvulun / Reuters

Израиль мен Палестинаның ХАМАС қозғалысы соғысты бір айға тоқтату және тұтқындарды айырбастау туралы келісімге келді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі EADaily агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мысырдың ресми өкілдерінің айтуынша, ХАМАС тұтқында отырған әйелдер мен балаларды толықтай босатуға дайын екенін мәлімдеді.

«Израиль шенеуніктері бұл келіссөздердегі серпіліске әлі де күмәнмен қарайтындарын, бірақ келісімді талқылауға дайын екендіктерін айтты», - деп жазды аталмыш басылым.

Айта кетейік, ХАМАС пен Израиль арасындағы қақтығыс 2023 жылдың 7 қазанынан бастап күрт өршіген. Соғыс салдарынан бүгінге дейін 20 мыңнан аса палестиналық қаза болған.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.93  534.96  5.16