Алматыдан 250 км жерде жер сілкінісі болды

Эпицентрі Қырғызстан аумағында орналасқан

Sarbaz.kz редакторы
24/01/2024 - 15:31

Фото: indiana university

Фото: indiana university

Алматыдан 250 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Жер асты дүмпулері 24 қаңтар күні Астана уақыты бойынша сағат 07:35-те «НЦЭН и И» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі арқылы тіркелді.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,3. MPV магнитудасы – 4,9», - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің Қазақстан аумағында қалай сезілгені туралы ақпарат жоқ.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85