ШҚО-да боранда адасып кеткен екі адамның біреуі көз жұмды

Ал екіншісінің аяғы үсіп кеткен

Sarbaz.kz редакторы
23/01/2024 - 23:59

Фото: freepik.com

Фото: freepik.com

ШҚО-ның Күршім ауданында боранда адасқан екі адам табылды. Оның бірі көз жұмды, ал екіншісінің аяғы үсіп кеткен. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға төтенше жағдай режимі жарияланған Күршім ауданында болған. Маралды ауылдық округінде екі адам боранда адасып қалған.

«Үшбұлақ ауылынан атпен қайтып келе жатқан ер адамдар қарлы боранда адасып қалды. Оның бірі көз жұмып, екіншісінің аяғы үсіп кетті. Қазіргі уақытта оған санитарлық авиациямен дәрігерлер көмекке шықты. Ер адамды Өскемендегі медициналық мекемеге жеткізу жоспарланып отыр», - деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомство дерегінше, санитарлық авиация бригадасының құрамында реаниматолог Александр Патрин мен фельдшер Лариса Величко бар.

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4