ХХХІ Жазғы универсиадада Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатыр
Алдымен Никита Чирюкин 25 метр қашықтыққа тез атылатын пистолеттен атудан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Кейін пневноматикалық мылтық атудан Қазақстан құрамасы да күміс жүлдеге қол жеткізді. Шағын калибрлі винтовкадан атудан жүлде әкелген жас шеберлер - Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев және Шахторин Никита.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қоржынана қола медальды дзюдошы Сұңғат Жұбатқан салған еді.
Универсиада 28 шілде – 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өтеді. Оған Қазақстан атынан 90 спортшы 10 спорт түрі бойынша қатысып жатыр.