Алматыда тағы да жер сілкінісі сезілді

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан

Sarbaz.kz редакторы
23/01/2024 - 21:57

Фото: AP / Irwin Fedriansyah

Фото: AP / Irwin Fedriansyah

Жер сілкінісі Қырғызстан мен Қытай шекарасында болды, деп хабарлайды корреспондент Sarbaz.kz.

Жер асты дүмпулері 23 қаңтар күні Астана уақыты бойынша сағат 15:07-де «НЦЭН и И» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі арқылы тіркелді.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.6. MPV магнитудасы – 4.9», - делінген хабарламада.

Ал Алматыда 2 баллдық жер сілкінісі болды.

Айта кетейік, ҚР ТЖМ мәліметі бойынша өткен түнде Алматыда қуаты 5 балл болатын дүмпулер болған. Қауіпті жер сілкінісі еліміздің үш қаласы мен бес облысында сезілген.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91