Түркияның тұңғыш ғарышкері алғаш болып Ердоғанмен байланысқа шықты

Гезеравжы ғарыш сапары шеңберінде Халықаралық ғарыш стансасынан Түркиямен кемінде жеті рет байланыс жасайды

Sarbaz.kz редакторы
23/01/2024 - 18:41

Фото: TRT

Фото: TRT

Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжы ғарыш айлағынан ең бірінші Режеп Тайып Ердоғанмен байланысқа шықты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия алғашқы ғарышкерінің сапарын жіті қадағалап отыр.

Гезеравжы ғарыш сапары шеңберінде Халықаралық ғарыш стансасынан Түркиямен кемінде жеті рет байланысқа шығады. Бұл ретте ол алғашқы байланысты Ердоғанмен жасады.

«Жоспарлы түрде іске кірісе бастадым. Осындағы міндетім бойынша барлық тәжірибені іске асырып, қорытындысын өзіммен бірге елге әкелу үшін тіркеймін. Халықаралық ғарыш стансасындағы ортаға тез үйреністім», - деді ғарышкер.

Өз кезегінде Ердоған ғарышкер Алпер Гезерважыға түрік ұлтына шабыт бергенін айтты.

«Ұлттық ғарыш бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған осы маңызды міндет арқылы балаларымыз бен жастарымызға үлкен шабыт бердің», - деді Ердоған ғарышкерге.

«Түркияның түңғыш ғарышкері» атанған Гезеравжы Халықаралық ғарыш стансасында 14 күн бойы 13 түрлі ғылыми тәжірибе жасайды. Түрік ғарышкері микрогравитация, ғарыштағы адам денсаулығы, Тұл көл өсімдігінің ғарыштағы жағдайын зерттеу және нөлдік гравитация ортасындағы қатты сұйықтық қоспаларын зерттеу сияқты салаларда ғылыми жобалар бойынша тәжірибелер жүргізеді.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4