Жер сілкінісі кезінде жанармай бекетіне бару қауіпті – сейсмолог

Қауіпті жер сілкінісі уақытында қайталама факторлар, яғни жарылыстар, өрттер болуы мүмкін

Sarbaz.kz редакторы
23/01/2024 - 17:58

Фото: vinegret.cz

Фото: vinegret.cz

Жер сілкінісі секілді төтенше жағдай уақытында жанармай құю стансасына бару қауіпті. Бұл туралы онлайн брифингте Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оның айтуынша қауіпті жер сілкінісі уақытында қайталама факторлар, яғни жарылыстар, өрттер болуы мүмкін.

«Біздің кейбір азаматтарымыз ресми дереккөзде жарияланған мәліметтерге сенбейді. Алдымен ресми ұйымдарға, яғни ТЖД-ның, құтқару қызметінің, жергілікті атқарушы органның мәліметіне сенуге шақырамын. Жұрт көршілер отыратын чаттарға емес, нағыз мамандарға сенуі керек», — дейді Дәулет Сәрсенбаев.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85