Үкімет басшысы сейсмикалық қауіпті өңірде дайындықты жиі өткізуді тапсырды

Ол ТЖ-ны жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын түзетуді тапсырды

Sarbaz.kz редакторы
23/01/2024 - 17:47

Фото: Primeminister.kz

Фото: Primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Алматыдағы жер сілкінісі бойынша ахуал қаралды. Ол барлық сейсмикалық қауіпті өңірде жаттығулар жиі өткізілуі керек екенін атап өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Халық іс-қимыл алгоритмін білуі керек», — деді Үкімет басшысы.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осындай ТЖ-ны жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын түзетуді тапсырды.

«Жақын арада жедел ден қою үшін басқару органдары мен азаматтық қорғау күштері басшылары мен жауапты тұлғаларының басқару бекеттеріндегі кезекшілігі енгізілсін. Бұл тіршілікті қамтамасыз ететін барлық ұйымға қатысты», — деді Әлихан Смайылов.

Ол сондай-ақ зардап шеккендерді емдеу үшін барлық шараны қабылдау қажеттігін атап өтті.

«ТЖМ қызметтері жағдайды тұрақты бақылауда ұстауы тиіс. Барлық тиісті қызмет арасында, соның ішінде жер сілкіністері ошақтары орналасқан көрші мемлекеттермен нақты өзара іс-қимыл жасау керек», — деп түйіндеді Премьер-Министр.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85