Сиреналарды қосудың қажеті де, мағынасы да болмады – Алматы ТЖД

Қуатты жер сілкінісі еліміздің үш қаласы мен бес облысында сезілді

Sarbaz.kz редакторы
23/01/2024 - 16:39

Фото: ТАСС

Фото: ТАСС

Алматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев қаладағы жер сілкінісі кезінде сиреналар неге қосылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Алматыда шамамен 843 электр сирена бар, бұл қаланы 100 пайызға қамтиды. Сиреналар магнитудасы 5,5 балдан асатын тербелістерді сейсмостанциялар бекіткен кезде ғана іске қосылады. Ал 4-тен 5-ке дейінгі балл тіркелгенде сиреналарды қосудың қажеті де, мағынасы да болмады. Біздің шу шығарғымыз келмеді. Сирена қосылса, шу көп болар еді деп ойлаймын», - деді ТЖД басшысы.

Айта кетейік, қуатты жер сілкінісі еліміздің үш қаласы мен бес облысында сезілді. Алматы қаласында 44 адам зардап шекті.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91