Эпицентрі Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан
Алматы қаласының тұрғындары тағы бір жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Жер асты дүмпулері «НЦЭН и И» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 23 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 10:01-де тіркелді.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.9. MPV магнитудасы – 5.3», - делінген хабарламада.
Ал Алматыда жер сілкінісі 2 баллмен сезілді.