Алматыда жер сілкінісі кезінде 44 адам зардап шекті

35 адам амбулаториялық емделуге жіберілді

Sarbaz.kz редакторы
23/01/2024 - 16:19

Фото: Almaty.tv / Офелия Жакаева

Фото: Almaty.tv / Офелия Жакаева

Алматы қаласында болған жер сілкінісі кезінде 44 адам зардап шекті. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Біз жедел медициналық жәрдем бригадаларынан мәлімет алып отырамыз. Олардың айтуынша, 44 адам зардап шеккен. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін 35 адам амбулаториялық емделуге жіберілді. Қалғандары медициналық мекемелерде», - деп түсіндірді ТЖД өкілі.

Осыған дейін қалалық денсаулық сақтау басқармасы жер сілкінісі кезінде екінші және үшінші қабаттан секіріп кеткен 3 адам жарақат алғанын хабарлады. Зардап шеккен екі адам амбулаториялық емделуге жіберілді. Дәрігерлер үшінші науқастың жағдайы ауыр екенін мәлімдеді. Ол қазір ауруханаға жатқызылды.

Айта кетейік, өткен түнде Алматыда қуатты жер сілкінісі болды. ТЖМ сейсмостанциялар желісінің деректері бойынша жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында Алматыдан 264 шақырым жерде болған. Эпицентрдегі магнитудасы 6,7 балл болды.

Өз кезегінде ҚР ТЖМ қуатты жер сілкінісі еліміздің үш қаласы мен бес облысында сезілгенін мәлім етті.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85