Төтенше жағдай: елімізде бір аптада 160-қа жуық адам құтқарылды

Сол сияқты 304 адам (16 бала) эвакуацияланды

Sarbaz.kz редакторы
22/01/2024 - 23:54

Фото: gov.kz

Фото: gov.kz

Өткен аптада елімізде 248 төтенше жағдай тіркелді. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлардың ішінде 3-еуі – табиғи сипатта, ал 245-і – техногендік сипатта.

«Құтқарушылар ТЖ орнына барлығы 1156 рет шықты. Оның нәтижесінде 159 адам (36 бала) құтқарылды, сол сияқты 304 адам (16 бала) эвакуацияланды.

112 құтқару қызметіне 131 мыңнан астам қоңырау келіп түсті және 83 дауылды ескерту жіберілді», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41