Қалың қарды күреу қиындық туғызып отыр
Шығыс Қазақстан облысындағы Марақкөл ауданында Төсқайың, Шанағаты, Балықты-Бұлақ және Бұғымүйіз ауылдары әлі де қар құрсауында отыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Бұл – ең шеттегі шекараның шебіндегі ауылдар. Күршім ауданы әкімдігінің өкілдері жолдарды тазалау жұмысына барлық ауыр техниканы жұмылдырғанын хабарлады.
Қалың қарды күреу қиындық туғызып отыр. Дегенмен, жол тазалығына жауапты коммуналдық мекеме жұмысшылары күндіз-түні тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр.
Qazaqstan.tv мәліметінше, бүгінге дейін Марқакөл ауылдық округіне қарасты 6 ауыл мен 2 кеңшарға жол толық ашылды.