Ол топогеодезиялық қамтамасыз ету тактикасымен, теория және практикасымен тығыз байланысты
Әскери топография саласындағы білімді тәжірибеде жас толқын офицерлеріне топография сабағына сабақ өткізіледі, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Осы орайда, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің топограф әскери қызметшілерінің атқарып жүрген тыңғылықты қызметтеріне тоқталып өтейік.
«Әскери ортада жауынгерлік даярлықты ілгерілету мен әскери топография ісін жандандырып жүрген әскери қызметшілер баршылық. Артиллерия әскерлерінде әскери топографтардың қызметі маңызды», - деді топографиялық қызметтің бастығы капитан Арман Бозымбаев.
Әскери топография топогеодезиялық қамтамасыз ету тактикасымен, теория және практикасымен тығыз байланысты.
Арман Бозымбаевтың айтуынша бұл дайындық пән ретінде әскери оқу орындары мен егеменді еліміздің Қарулы Күштерінің бөлімдері мен бөлімшелерінің оқу бағдарламаларына енгізілген. Оны барлық санаттағы әскери қызметшілер терең зерделеп оқиды.
Әрбір жауынгер ұрыс даласында табысты әрекет етуі үшін тек қаруды меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар жергілікті жерде де жақсы бағдарлай білуі қажет. Жергілікті жер ерекшеліктерін зерттейтін, әрі оны бағдарлайтын, әскердің соғыс кимылдарын дала жағдайында дұрыс бағдарлау, жас офицерледің жұмыс картасын дұрыс жүргізуі және графикалык әскери құжаттар жасауы үшін кажетті арнайы әскери ғылыми-топографиялық элементтер, жергілікті объектілер, олардың жағдайы, координаталары, өлшемі бақылауға қажетті көп санды және сапалы белгілері қажет.
Жергілікті жерлердің бүркеме және корғаныс ерекшеліктері туралы негізгі деректі ақпарат топографиялык және түрлі арнайы карталар, оған қоса жергілікті жер ерекшеліктері түсірілген фотоқұжаттар болып саналады. Әскери топография топогеодезиялық қамтамасыз ету тактикасымен, теориясымен, практикасымен тығыз байланысты.