Ал осы қызметті бүгінге дейін атқарып келген Лұт Әлшекенов лауазымынан босатылды
Ұлттық қорғаныс университетінің жаңа бастығы тағайындалды. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Ал осы қызметті бүгінге дейін атқарып келген Лұт Әлшекенов Мемлекет басшысының өкімімен лауазымынан босатылды.