ЕО Украинаға ондаған млрд доллар көлемінде әскери көмек көрсетеді

Бұл қаражат оқ-дәрілер, дрондар және әуе қорғанысы зымырандары сияқты көмекке қолданылады

Ануар Маратов
23/01/2024 - 15:07

Фото: Lukasz Kobus/EU

Фото: Lukasz Kobus/EU

Еуропа Одағының шенеуніктері Украинаға ондаған млрд доллар көлемінде әскери көмек көрсетудің қамына кірісті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Wall Street Journal-ға сілтеме жаап хабарлайды. 

Аталмыш басылымның мәліметі бойынша, бұл жоспар алдағы төрт жыл ішінде, яғни 2024-2027 жылдары жыл сайын 5 млрд еуро (жалпы 20 млрд еуро) бөлінетін жаңа қор арқылы жүзеге асырылмақ. Сол сияқты мақалада соғыстың басында Еуропа Украинаға әскери көмек көрсету үшін өзінің бейбітшілік қорындағы қаражатын жұмсағанын қозғап өтті. Бірақ көп ұзамай Венгрия бұл қордың төлемдеріне тосқауыл қойған.

Басылымның жазуынша, ЕО-ға мүше бірқатар мемлекет өз қорын Украинаға енді айтарлықтай көмек көрсете алмайтын деңгейге дейін шығындады деп есептейді. Осы қиындықтарды ескере отырып, Украина үшін жаңа арнайы әскери қор құру ұсынылды. Ол бейбітшілік қорының қалған активтерінің бір бөлігіне қарастырылады.

Бұл қаражат оқ-дәрілер, дрондар және әуе қорғанысы зымырандары сияқты көмекке қолданылады. Қалған қаржы әскери дайындық бағдарламасының шығындарын төлеуге жұмсалады.

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02