Әзербайжанның азат етілген жерінде әскери полиция қалай жұмыс істейді?

Әскери полиция күн тәртібінің орындалуын және әскери қызметшілердің тәулік бойғы жауынгерлік кезекшілігін бақылайды

Sarbaz.kz редакторы
22/01/2024 - 20:38

Фото: Әзербайжанның қорғаныс министрлігі

Фото: Әзербайжанның қорғаныс министрлігі

Әзербайжан Армиясының Әскери полиция бөлімшелерінің азат етілген аймағындағы (бұрынғы – Таулы Қарабақ) елді мекендерде және әскерлер орналасқан жерлерде қызметі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Әзербайжанның қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Әскери полиция бөлімшелері бақылау-өткізу пунктерін, оның ішінде жаңадан құрылған стационарлық және мобильді бекеттерді патрульдейді. Жеке құрамды тексеруді және тіркеуді, аумаққа келген техниканы есепке алуды жүргізеді, әскери-көлік құралдарының қозғалысын реттейді», - делінген әскери полицияның міндеттері туралы хабарламада.

Сондай-ақ, әскери полиция күн тәртібінің орындалуын және әскери қызметшілердің тәулік бойғы жауынгерлік кезекшілігін бақылайды.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, 100 мыңнан астам армениялық Таулы Қарабақты тастап кеткен. Ресми мәліметтерге сәйкес, онда 120 мыңға жуық армян өмір сүрген. Аймақта қалған армяндар туралы әзірге нақты деректер жоқ.

2024 жылғы 1 қаңтарда Таулы Қарабақ республикасы Әзербайжан президентінің жарлығына сәйкес өмір сүруін тоқтатқан болатын.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91