Ол осы уақытқа дейін 110 тұтқын құтқарылғанын айтты
Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху ХАМАС-тың тұтқындарды ауыстыру ұсынысын қабылдамағанын білдіріп, соғыс барлық майдан мен секторда жалғасатынын айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі TRT агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Беньямин Нетаньяху видео мәлімдемесінде осы уақытқа дейін 110 тұтқынды құтқарғандарын және қалған тұтқындардың барлығын құтқаруға бел байлағандарын айтты.
Ол ХАМАС-тың тұтқындарды босату үшін соғыстың аяқталуын және Израиль күштерінің Газадан кетуін талап еткенін білдірді.
«Соғыс жалғасады. Барлық майдан мен секторда жалғастырамыз. Ешбір террористке еркіндік бермейміз. Газада да, Ливанда да, Сирияда да, басқа жерде де. Бізге зиян тигізуге тырысқан адамға біз де зиян тигіземіз», - деді Беньямин Нетаньяху.