Түркия Ирак пен Сирияда әуе операциясын өткізді: 17 адам қаза болды

Түркияның ұлттық қорғаныс министрлігі арнайы мәлімдеме жасады

Sarbaz.kz редакторы
22/01/2024 - 16:29

Фото: TRT

Фото: TRT

Түркия Сирияның солтүстігінде PKK/YPG ұйымының 7 мүшесін өлтірді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі TRT агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркияның ұлттық қорғаныс министрлігінің (ҰҚМ) әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «Терроризм мен террористтерге еш жерде тыныштық жоқ» екені айтылған.

«Түрік Қарулы күштері Сирияның солтүстігіндегі «Евфрат қалқаны» операциялық аймағы, «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағы және Бафдик аймағында анықталған 7 PKK/YPG-лік террористерді өздерінің опасыз мақсаттарына жете алмай тұрып залалсыздандырды. Операцияларымыз соңғы террорист залалсыздандырылғанша жалғасады», - делінді.

Түркияның ұлттық қорғаныс министрлігі Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-килит» операциялық аймағына да әуе операция жасалғанын хабарлады.

Мәлімдемеде «Түрік Қарулы күштері террор нысандарын жоюды жалғастыруда. Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-килит» операциялық аймағында анықталған PKK-лық 10 террорист әуе операциясымен залалсыздандырылды. Әзіз ұлтымызды лаңкестік індетінен құтқару үшін күресеміз табандылықпен жалғасуда» делінді.

×

Редакция

$ 523.17  550.06  4.93