Түркістан облысында былтыр төтенше жағдайдан 30-дан аса адам қаза болды

Бір жылда 700-ге жуық төтенше жағдай тіркелді

Sarbaz.kz редакторы
22/01/2024 - 15:00

Түркістан облысында былтыр төтенше жағдай салдарынан 285 адам зардап шегіп, 34 адам көз жұмды. Бұл туралы Sarbaz.kz өңірдің ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Департамент хабарламасына сәйкес, Түркістан облысында өткен жылы 677 төтенше жағдай болды. 761 адам құтқарылып, 531 адам эвакуацияланды. Өңірде 515 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 6 адам қаза тапса, 9 адам жарақат алды.

Облыс аумағында жалпы 20 адам суға батып көз жұмды. Оның 13-і – кәмелетке толмаған.

«112» шұғыл қызметінің телефондарына азаматтардан 191 309 және «101» нөміріне 93 715 қоңырау келіп түсті. Өңірде өткен жылы 285 адам төтенше жағдай салдарынан зардап шегіп, 34 адам қайтыс болды. Суға шомылу бойынша департаменттің жалпы 7422 қызметкері 3041 рейд ұйымдастырып, 119 400 жадынама таратылды. Нәтижесінде құзырлы органдар 250 жеке тұлғаға 2 529 700 теңге айыппұл салынды. Өрттен келген материалдық шығын 1 млрд 233 млн 490 мың теңгені құрады. Ал құны 2 млрд 626 млн 730 мың теңгені құрайтын материалдық құндылықтар аман сақталып қалды», - делінген Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта. 

Тегтер

×

Редакция

$ 478.58  520.84  5.44