Айгүл Құспан: 600 офицер рахаттанып декретте жүр, ал баласына бәрібір әйелдері қарайды

Оның айтуынша алғашқы жылдары үшеу-төртеуі ғана декретке шығатын

Sarbaz.kz редакторы
20/01/2024 - 17:50

Фото: Parlam.kz

Фото: Parlam.kz

Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында әскери қызметте жүрген ер адамдардың бала күтіміне байланысты демалысқа шығу мәселесін қозғады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Ер офицерлердің декретке шығуына рұқсат беретін заң 2014 жылы қабылданған. Алғашқы жылдары олар ұялды. Үшеу-төртеуі ғана декретке шығатын. Ал қазір 600 ер офицер рахаттанып декретте жүр. Өйткені олардың қызметі жүріп жатады, шені өсе береді. Бірақ баласына бәрібір әйелдері қарайды. Одан қалса әжесі, бала күтушілер бар. Ал офицер басқа бір жұмыста істеп жүр. Мысалы, такси болса да декрет ақшасымен қосқанда көп ақша табады. Бұл енді кішкене ұятсыздау нәрсе деп ойлаймын. Сондай-ақ, ол қауіпті», — деді Айгүл Құспан.

Сөзін жалғай отырып, Қорғаныс министрлігі ер офицерлерді бала күтімі бойынша демалысқа жіберуге рұқсат беретін шешімдердің күшін жоюы қажет.

«Қорғаныс министрлігі қазір шырылдап жүр. Мүмкін бұл норманы қайта қарайтын шығар. Бірақ бұл шешім — біздікі емес, халықаралық норма. Халықаралық еңбек ұйымы деген ұйым бар, олар Женевада отырады. Солар «Ер адам мен әйелдің құқығы бірдей. Баламен отыруға екеуінің де құқығы бар. Әскери адам болсын, жай азамат болсын» дейді. Қазақ қоғамында бұл кішкене ерсі нәрсе», — деді депутат.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4