Жазғы универсиада: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Универсиада Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатыр

Админ
30/07/2023 - 01:00

kaznu.kz

kaznu.kz

ХХХІ Жазғы универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Sports.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, дзюдошы Сұңғат Жұбатқан қола медаль жеңіп алды.

Сұңғат 3-орын болған белдесуде өзбекстандық Абдурахим Нутфуллоевтан басым түсті.

Айта кетейік, жарыс барысында С.Жұбатқан венгриялық, түрікменстандық және әзербайжандық дзюдошыларды жеңіп, тек жартылай финалда жапониялық спортшыға есе жіберген еді.

Еске сала кетейік, Универсиада 28 шілде – 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өтеді. Оған Қазақстан атынан 90 спортшы 10 спорт түрі бойынша қатысып жатыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07