Ақтау соты елден аластаған қандасымызды прокуратура қайта кіргізді

ҚР заңнамасына сәйкес сот шешімімен елден шығарылған тұлға бес жылға дейін қайта кіре алмайды

Sarbaz.kz редакторы
19/01/2024 - 23:12

Фото: Қарағанды облысының прокуратурасы

Фото: Қарағанды облысының прокуратурасы

Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен Өзбекстан Республикасының азаматы Н.Қибасов тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін елден кетуден жалтарғаны үшін ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу жазасы қолданылған. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімімен елден шығарылған тұлға бес жылға дейін қайта кіре алмайды.

Маңғыстау облысының прокуратурасы Н.Қибасовтың «қандас» мәртебесін алғанын және Қазақстан азаматтығын алу үшін құжаттар рәсімдеп жатқанын ескеріп, оған тағайындалған жазаны жеңілдету туралы кассациялық наразылық келтіру жөнінде Бас прокуратураға ұсыну енгізген.

Бас прокуратураның наразылығы бойынша Жоғарғы Сот аталған сот қаулысының күшін жойып, істі жаңадан қарауға жолдаған.

Істі жаңадан қарау нәтижесі бойынша сот Н.Қибасовқа айыппұл салынып, елден шығару жазасы қолданылмады.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4