Астанада келесі аптада Сирия мәселесі бойынша 21-кездесу өтеді

Сирия мәселесі бойынша келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен оппозициясының делегациялары қатысады

Sarbaz.kz редакторы
19/01/2024 - 22:20

Фото: ҚР СІМ

Фото: ҚР СІМ

«Астана форматындағы» кепілгер елдердің ұжымдық өтінішіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Қазақстан елордасында 21-ші халықаралық кездесу өтеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астана процесі аясындағы Сирия мәселесі бойынша келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен оппозициясының делегациялары қатысады. Ал бақылаушылар ретінде Иордания, Ирак және Ливан, сондай-ақ БҰҰ, БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері атсалысады деп күтілуде.

Алдын ала күн тәртібіне Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалды дамыту, САР-дағы кешенді реттеу жөніндегі күш-жігер, Сириядағы гуманитарлық ахуал және Сирияны жанжалдан кейінгі қалпына келтіруге жәрдемдесу мақсатында халықаралық қоғамдастықтың көмегін жұмылдыру және т.б. мәселелер енгізілді.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41