Бітімгерлік миссиясына мерзімді қызмет әскері жіберіле ме?

Қорғаныс министрі БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді

Sarbaz.kz редакторы
19/01/2024 - 18:02

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Таяу Шығысқа жіберілетін бітімгерлер арасында мерзімді әскерде жүргендер бар ма? Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Бітімгерлік бөлімшелерде мерзімді қызмет әскерлері жоқ. Тиісінше, оның құрамында кәсіби әскерилер ғана бар. Олар – келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскерилер мен офицерлік құрам. Келісімшарт бойынша қызмет ететін әскерилердің орташа жасы 25, 27, 30 жас», - деді министр.

Ведомство басшысы сөзін жалғай отырып, аталған контингент сақтандыру шараларымен де қамсыздандырылғанын да атап өтті.

«Қорғаныс туралы заңға бойынша, Қарулы Күштерге келіп, келісімшарт жасаған әрбір әскери қызметшіні мемлекет сақтандырады», - деді Руслан Жақсылықов.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41