Қорғаныс министрі: Бітімгерлердің миссиясына 8 млн доллар бөлінеді

Бұл қаржы қандай мақсатта жұмсалатыны айтылды

Sarbaz.kz редакторы
19/01/2024 - 17:36

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып, БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына жіберілетін тұңғыш дербес контингентке бюджеттен қанша ақша жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Бұл ақшаның бәрі бюджетке салынған. Айта кететіні бюджетке қару-жарақты, техниканы тасымалдауға қосымша қаржы салынды. Шамамен 8 млн доллардай жұмсалады. Бір жыл бойында әр әскери жауынгер ай сайын 1 мың доллар алып отырады», - деді Руслан Жақсылықов БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық бітімгерлердің Таяу Шығысқа жіберіліп, ол жақта қандай міндеттер жүктелетінін айтқан болатын.

×

Редакция

$ 499.51  525.83  4.62