КХДР ядролық қарудың суасты жүйесін сынақтан өткізді

Бұл Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония елдеріне наразылық ретінде жасалды

Sarbaz.kz редакторы
19/01/2024 - 16:01

Фото: Пхеньян / РИА Новости

Фото: Пхеньян / РИА Новости

КХДР Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония елдерінің бірлескен әскери жаттығуларына наразылық білдіріп, ядролық қарудың суасты жүйесін сынақтан өткізді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тың атом тасымалдаушысы «Карл Винсон», көп функциялы Aegis жауынгерлік жүйесі бар Принстон крейсері, Жапонияның «Өзін-өзі қорғау отрядтары» Әскери-теңіз күштерінің кемелері және Корея Республикасының Әскери-теңіз күштері 15 қаңтардан бастап Чечжу аралының айналасында біріккен теңіз жаттығуларын өткізді.

«Жаттығу біздің қауіпсіздігімізге үлкен қауіп төндірді. Бұған жауап ретінде КХДР Ұлттық қорғаныс академиясы жанындағы суасты қару-жарақ жүйелері институты Жапония теңізінің акваториясында «Хэил-5-23» суасты ядролық қару жүйесін сынақтан өткізді», — делінген хабарламада.

Солтүстік Корея әскерилері «АҚШ пен олардың спутниктерінің мұндай әрекетін» айыптап, апатты салдарлар туралы ескертті.

«КХДР қарулы күштері ешбір жағдайда әскери-қарсыластық наразылыққа жол бермейді, бірақ мемлекеттің қауіпсіздігі мен аймақтағы бейбітшілікті сенімді қорғайды», — деп жазылған КХДР қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

×

Редакция

$ 499.51  525.83  4.62