Украинаға тағы екі Leopard 2А4 жеткізіледі

Leopard 2A4 – 1985 жылдан бастап қырғи-қабақ соғыс кезінде қолданылған танк

Админ
18/01/2024 - 23:19

Фото: Defence24

Фото: Defence24

Нидерланды Қорғаныс министрлігі Leopard 2А4 танкінің 14-інің екеуінде жаңарту жұмыстарының аяқталғанын жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Defence24-ке сілтеме жасап.

Бұл ақпарат Rheinmetall концернінің мәлімдемесімен сәйкес келеді. Онда өткен жылдың маусымында алғашқы танктерде жұмыс тек 2024 жылдың қаңтарында аяқталатынын мәлімдеген болатын. Барлық тапсырыс алдағы 12 айда орындалуы керек. Бұл жөндеуге берілген танктердің техникалық жағдайының нашарлығын көрсетеді.

Дания мен Нидерланды Rheinmetall-мен жасаған мәміле 180 миллион долларды құрады. Енді бұл танктер Польшаға жеткізіледі, онда украин экипаждарын оқыту басталады. Осылайша, Украинаға барлығы 54 Leopard 2А4 танкін жеткізуге кепілдік беріледі. Қазіргі уақытта Украина Польша (14), Канада (8), Норвегия (8) және Испания (10) сыйға тартқан 40 танк алуы керек болған.

Leopard 2A4 – 1985 жылдан бастап қырғи-қабақ соғыс кезінде қолданылған неміс танкі. Leopard 2-нің тағы бір нұсқасы ретінде шығарылған.

×

Редакция

$ 479.05  534.57  5.17