Қазақстандық әскерилер тұрғын үй кезегіне онлайн да тұра алады

Қызмет тегін әрі 15 жұмыс күні ішінде жауап қайтарылады 

Админ
18/01/2024 - 21:38

ҚР Қарулы Күштерінің азаматтық персоналын қызметтік тұрғын үйге кезекке қою eGov.kz порталы арқылы онлайн жүргізіледі, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бұған дейін қызметтік тұрғын үйге кезекке тұру үшін құзырлы органға жұмыс орны бойынша жүгініп, құжаттар тізбесін ұсыну әрі өтініш беру қажет болатын. Алайда қазір бұл процедура eGov.kz порталы арқылы онлайн режимінде қолжетімді. Осылайша, бюрократиялық қағазбастылық азаяды, қызмет көрсету мерзімі қысқарады және сыбайлас жемқорлық қаупі жойылады. Сонымен қатар қызметті автоматтандыру бұрын аудандық пайдалану бөлімдеріне баруға жұмсалатын уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Қызметті алу үшін Egov.kz порталында мына қадамдарды жасау қажет: «Азаматтарға»«Әскери есеп және қауіпсіздік»«Әскери қызмет» қойындысын таңдау «ҚР Қарулы Күштері азаматтық персоналының қызметтік тұрғын үйге мұқтаж тұлғаларын есепке қою» қызметін таңдау, содан кейін авторизациялау, барлық қажетті өрістерді толтыру және қол қоюдың қолжетімді әдісімен қол қою. Қызмет тегін әрі 15 жұмыс күні ішінде жауап қайтарылады.

Қажетті құжаттар тізімі:

- Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің осы елдімекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің тұрақты пайдалануында болуы немесе болмауы туралы Мемлекеттік тізілімнен алынған мәліметтер.

- Туу, қайтыс болу, некеге тұру, ажырасу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін ауыстыру туралы куәліктер тиісті құжаттар болған кезде ұсынылады.

- Кезекке қою жөніндегі қызмет әскери құрылымдардың қызметін қолдау мен қамтамасыз етуде жұмыс істейтін, бірақ әскери қызметшілер болып саналмайтын азаматтық мамандар мен қызметкерлерді қамтитын ҚР Қарулы Күштерінің азаматтық персоналына арналған.

×

Редакция

$ 499.51  525.83  4.62