Аймаққа 1,5 метрден асатын қар жауды
Құтқарушыларға жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған Күршім ауданында, қалың қардың салдарынан жол жоқ Қайнарлы ауылында жүкті әйелді медициналық мекемеге шұғыл тасымалдау қажет екендігі туралы сигнал келіп түсті. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көмекке жол талғамайтын «Шерп» көлігімен шықты, олар қарда қалған кентке дейін 1,5 метрден асатын қардың орасан зор қалыңдығын еңсеріп, жолды жарып отырып жетті.
Қиын жолды еңсеру үшін 7 сағаттан астам уақыт пен құтқарушылардың табандылығы қажет болды. 2002 жылғы жүкті әйел Марқакөл ауылында орналасқан ең жақын ауруханаға қауіпсіз жеткізілді.