Бішкекте әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Апат салдарынан бір адам қаза тауып, 8 адам жарақат алды

Ануар Маратов
17/01/2024 - 20:28

Фото: АКИpress

Фото: АКИpress

Бішкекте оқу-жаттығу кезінде Ми-8 әскери тікұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан экипаж командирі қаза тауып, тағы жеті адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі «Sputnik Қырғызстанға» сілтеме жасап хабарлайды. 

Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери тікұшақтың құлауынан сегіз адам зардап шеккен. Төртеуі – реанимацияда, біреуі – өте ауыр жағдайда, қалғандары – орташа ауыр күйде. 

Апатқа ұшыраған тікұшақта борттық нөмірі 203 көрсетілген


Фото: АКИpress

Бұл әуе кемесі туралы өткен жылдың қазан айында Садыр Жапаров хабарлаған болатын. 

Содан кейін Президент әлеуметтік желілерде екі тікұшақтың суретін жариялады. Олардың бірін Өзбекстан сыйға тартқан, екіншісін Чирчик авиациялық жөндеу зауытында өзбек жағы жөндеді. Екі тікұшақ та Қырғызстанға жеткізілген. 

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85