Қауіпсіздік Кеңесінің Қорғаныс бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды

Sarbaz.kz редакторы
17/01/2024 - 17:16

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Мақсұтұлы Аймашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Марат Аймашев Краснодар өлкесіндегі (РФ) Славянск-на-Кубань қаласында дүниеге келген. Ол бүгінге дейін ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Жедел жоспарлау департаментінің бастығы қызметін атқарып келді.

Айта кетейік, бұл қызметті атқарып келген Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Мемлекет басшысының өкімімен лауазымынан босатылған.

×

Редакция

$ 475.18  510.72  5.47