Қорғаныс министрлігінің қандай бұйрықтарына өзгеріс енгізілді?

Министрліктің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізіледі

Sarbaz.kz редакторы
17/01/2024 - 15:34

Фото: Ұлттық қорғаныс университеті

Фото: Ұлттық қорғаныс университеті

Қорғаныс ведомствосы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындады. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нормативтік құжат жобасымен «Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 16 тамыздағы № 453 және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын, ұшуды қамтамасыз ету және басқару құралдарын бірлесіп пайдалану туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2017 жылғы 19 тамыздағы № 462 бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларының 3-тармағы куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ғана емес, объектіні қайта жаңартқаннан кейін де оны қайта тіркеуді жүргізу талабымен толықтырылды.

Редакциялық түзетулер мен толықтырулар «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 570 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» НҚА жобасына енгізілді. Бұйрық «әуеайлақтың аға авиация бастығы», «жасанды жабыны бар ұшу-қону жолағының соңы», «әуеайлақішілік жол», «әуеайлақ маңы аумағы», «жалпы қолдануды жерүсті қамтамасыз ету құралдары» және басқа ұғымдармен толықтырылды.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 30 қаңтарына дейін танысуға болады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91