"Қарасора-2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда
Ақтөбелік полицейлер 30 жастағы жергілікті тұрғыннан 22 орама есірткі заттарын тәркіледі, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Сараптама нәтижелері бойынша алынған зат жалпы салмағы 16,40 гр болатын а-PVP екені анықталады.
Ер адам бұл орамаларды Telegram әлеуметтік желісі арқылы интернет-дүкеннен сатып алғанын түсіндірді.
Сондай-ақ ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында полиэтилен пакетке оралған, ішінде ұнтақ заты бар 9 орама тәркіленді. Ол зат жалпы салмағы 7,55 гр мефедрон екені анықталды.
ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адам ҰУИ-ға қамауға алынды.
Осы баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.