Қазақстанда темекі жыл сайын қымбаттайтын болады

Ұлас Үсенбай
14/06/2023 - 17:54

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Елімізде 1 шілдеден бастап темекінің бағасы 60 теңгеге қымбаттайды. Қазір шылымның ең арзан бағасы 650 теңге болса, шілдеден бастап 710 теңгеге өседі. Ал 2024 жылдан бастап 770 теңге болады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Қаржы министрінің 6 маусымдағы өкімімен 20 дана фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төменгі бөлшек сауда бағалары осылай бекітілді.

Бұйрық 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Бағаның өсуіне темекі өнімдерінің акциз мөлшерлемесінің 14%-ға ұлғаюы, импортталатын шикізат пен материалдардың қымбаттауы, логистиканың едәуір күрделенуі және инфляция себеп болып отыр.

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07