Солтүстік Корея кезекті баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді

Бұл туралы Кореяның орталық телеграф агенттігі хабарлады

Ануар Маратов
15/01/2024 - 17:56

Фото: Yonhap

Фото: Yonhap

КХДР билігі жексенбіде орта қашықтықтағы баллистикалық зымыранын сәтті ұшырғанын мәлімдеді, деп Sarbaz.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«14 қаңтар күні түстен кейін КХДР зымыран басқармасы гипердыбысты әрі маневрлі басқарылатын жауынгерлік, орташа қашықтықтағы, қатты отынды баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді», - деп Кореяның орталық телеграфтық агенттігі хабарлайды.

Агенттік мәліметтері бойынша, сынақ барысында гипердыбыстық оқтұмсықтың маневрлік өнімділігі және көп сатылы қатты отын қозғалтқыштарының сенімділігі тексерілді.

Мәліметке сәйкес, сынақ көрші елдердің қауіпсіздігіне әсер еткен жоқ және «аймақтық жағдайға» еш қатысы жоқ.

Жексенбіде Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтары КХДР жексенбі күні орта қашықтықтағы баллистикалық зымыранын ұшырды деп хабарлады. Бұл – Солтүстік Кореяның биылғы алғашқы баллистикалық зымыранын ұшыруы. Соңғы рет сынақ 18 желтоқсанда жасалды. Ол кезде Оңтүстік Корея әскерилерінің пікірінше, Хвасон-18 типті қатты отынды қозғалтқыштары бар құрлықаралық баллистикалық зымыран сыналды, оның ұшу траекториясы АҚШ аумағындағы кез келген нүктеге жете алады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91