ҚР СІМ: Қазақстан «Бір Қытай» қағидатын қолдайды

Тайваньда президент сайлауында биліктегі Демократиялық прогрессивті партияның (ДПП) кандидаты Лай Циндэ жеңіске жеткен

Sarbaz.kz редакторы
15/01/2024 - 15:00

Фото: ҚР СІМ

Фото: ҚР СІМ

ҚР Сыртқы істер министрлігі Тайваньдағы сайлау қорытындысына қатысты пікір жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Тайваньда өткен сайлауға байланысты Қазақстан Республикасы «бір Қытай» қағидатын табанды түрде қолдайтынын қайта мәлімдейді және Қытай Халық Республикасының үкіметі бүкіл Қытайды білдіретін жалғыз заңды үкімет. Ал Тайвань Қытай аумағының ажырамас бөлігі екенін растайды. Қытай Халық Республикасы үкіметінің елді бейбіт жолмен біріктіру жолындағы күш-жігерін қолдаймыз», - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, Тайваньда президент сайлауында биліктегі демократиялық прогрессивті партияның кандидаты Лай Циндэ жеңіске жеткен. 

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91