Назарбаевтың ескерткішін қорғаныс университетінің алдынан алып тастады: министрліктің ресми жауабы

Қазір ескерткіш қорғаныс ведомствосының үй-жайларының бірінде уақытша сақтауда тұр

Sarbaz.kz редакторы
12/01/2024 - 23:57

Фото: Azattyq Ruhy

Фото: Azattyq Ruhy

Қорғаныс министрлігі Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің аумағынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші неліктен алынып тасталғанына түсініктеме берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік бұған дейін «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» атауы «ҚР Ұлттық қорғаныс университеті» болып өзгертілгенін еске салды.

«Осыған байланысты Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында орналасқан тұңғыш президенттің ескерткішін ҚР Қарулы Күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының ғимаратына көшіру және орнату туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі атап өткендей, қазір ескерткіш қорғаныс ведомствосының үй-жайларының бірінде уақытша сақтауда тұр. Дайындық шараларынан кейін оны орнату үшін мұражай ғимаратына көшіреді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91